top of page

Profile

Join date: Aug 20, 2022

About

Мәселен, комиссия төрағасы – мектеп директоры, төраға орынбасары – директор орынбасары, мүшелері – мектеп мұғалімдері. Сондықтан сайлау туралы заңда учаскелік сайлау комиссияларының құрамына, бір ұжымнан, ұйымнан қандай қоғамдық ұйымның мүшесі екендігіне қарамастан, бір ғана өкіл сайлануы және бастық пен оған бағынышты адамдардың бір комиссияда болмауы белгіленгені жөн. Жолдауда айтылған алтыншы бастама – құқық қорғау институттарын күшейту де өте өзекті мәселе. Қоғамда, өкінішке қарай, мемлекеттік басқаруға, құқық қорғау органдарына, прокуратураға, сотқа сенім аз. Отыз жылдық суперпрезиденттік басқару жүйесі осыған алып келді.

Сондықтан қоғамдық кеңестер құрамын жасақтау тәртібін өзгерту, пікірлер алуандығынан үрікпеу, «көзқарасы тосын» адамдардың да қоғамдық кеңеске келуіне жол ашу керек. Еліміздің әкімшілік-­аумақтық құрылымын жетілдіру жөніндегі сегізінші бастама да халық көңілінен шықты. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұстаным әрдайым өзекті. Халықтың қалауы ескеріліп, Семей аймағында Абай, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы ашылды, Алматы облысы екіге бөлініп, Жетісу және Алматы облысы құрылады. Президент Жолдауда көтерген байырғы атауларды жаңғыртуға байланысты айтарымыз: Атырау қаласын – Сарайшық, Орал қаласын – Ақжайық, Петропавл қаласын – Қызылжар, Павлодар қаласын – Қимақ, Қызылорда облысын Тұран деп атау туралы ұсынысымызды ортаға саламыз.

Ресейде партия құру үшін 500 адам жеткілікті. Сондықтан бастамашыл топ саны 150-200 адам болғанын жөн санаймыз. Жолдауда ұсынылып отыр­ған шаралардың түйісетін жері – сайлау. Сондықтан Президент бесінші шара ретінде сайлау үдерісін жаңғыртуды ұсынды. Осы ретте Жолдауда байқаушылардың қызметін заңмен реттеу керектігі айтылды. Бұл институт та ашық сайлау жүйесінің ажырамас бөлігі, байқаушылардың құқықтары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санайды Президент. Сайлау ісінде үш тарап бар, олар – сайлаушы, сайлау комиссиясы және байқаушы.

Атырау – Жетісу, Сарыарқа деген сияқты өңірдің атауы, ал Сарайшық – Алтын Орда заманындағы бір астанамыз, ескі жұрты – Атырау қаласына жақын, яғни тарихи атау. Ал Жайық атауын Пугачев көтерілісін естен шығару үшін Оралға (Уральск) ауыстырған орыстың Екатерина патшасы еді. Петропавлды Қызылжар деп 1920 жылы жергілікті кеңес өкіметі өзгерткенмен, Мәскеу бекітпей, бүгінге жетіп отыр. Павлодар қаласын тарихи деректерге сүйеніп Қимақ деп ауыстыру туралы ұсынысымыз 1998 жылдан бері бірнеше рет облыстық, қалалық ономастика комиссияларында қаралғанмен, атауларды ауыстыруды тоқтата тұру науқанына тап келіп, қалып қойып еді. Павлодар қаласының орны – Қимақ мемлекетінің астанасы Қимақ қаласы тұрған жер, яғни халқымыздың тарихи жәдігері.

Енді заңнамаға Президенттің облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдері лауазымына кемінде екі кандидатураны балама ұсынуы құқығын енгізу көзделіп отыр. Осылайша Президент облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерін олардың кандидатураларын мәслихаттарда қарау нәтижесін ескеріп тағайындайды.

Алайда елімізде азаматтардың мемлекетті басқаруға сайлау арқылы қатысу құқығы шексіз дара билікті орнату кезінде едәуір шектелді. Оның мысалдарын алдында атап көрсеттік. Тағы мысал. Мәжіліс, мәслихаттар депутаттарын пропорционалдық жүйе, яғни партиялық тізім арқылы сайлауға көшу партияда жоқ азаматтардың Мәжіліске де, мәслихаттарға да сайлану құқығын жойды.

Олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері сайлау заңнамасында жазылғанмен, ең құқығы кемі әрі әлсізі – байқаушылар. Мәселен, сайлау заңы бұрмаланып жатқанын анықтаған, оны жоюды талап еткен байқаушыны сайлау комиссия сайлау барысына кедергі келтірді деген желеумен акті жасап, сайлау учаскесінен күштеп шығарып жібере алады. Сондықтан сайлау заңнамасында байқаушылар құқықтары сайлау комиссияларымен теңестірілуі, тең құқылы тарап ретінде дауыс санауға еш кедергісіз қатысуы, әсіресе дауыстарды санау кезінде байқаушылардың орналасу қашықтығын бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей 1 метр­ден аспайтын қашықтық пен жағдайда байқап тұрады деп дәл нақтылауды, учаскелік қана емес, аумақтық, Орталық сайлау комиссияларының сайлау қорытындыларын шығару жұмысына да байқаушылардың еш кедергісіз қатысуы, байқаушыларды түрлі желеумен сайлау учаскелерінен шығарып жіберуге тыйым салу ережелері анық көрсетілуі тиіс.

Ал Қызылорда облысының орналасқан жері Тұран ойпаты, Қазақстанның физикалық картасына көз салу жеткілікті. Қазір Тұран атауы түрлі нысандарға беріліп, халық жадында жаңғыртылып жатыр, солардың қатарында сол жерге орналасқан өңірге беру айрықша орынды болар еді. Осындай байырғы тарихи атауларға көшу қазақ атанған өте көне тарихи түркі халқын осы жерге басқа жақтан ауып келгендей, атақоныс жері болмағандай көретін кейбір желауыздарға қақпақ болары сөзсіз. Ірі әкімшілік-аумақтық бөлініс атауы ретінде облыс деген сөзді де ауыстыруды ойласқанымыз артық болмас еді. Тілімізде аймақ, алап, өлке, өңір деген сияқты лайықты баламалар тұрғанда әлі күнге облыстан айырылмай жүргеніміз жарасымды ма? Қазір жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары белгіленіп, оларға кіретін аудандар анықталып жатыр. Осы ретте сыртқа бүйрегі бұратын біраз ел шоғырланған Шығыс Қазақстан өңірін ескі шекарасында бірыңғай орыс басым аудандардан құра салу, өңірдің ұлттық демографиялық жағдайын ескермеу қаншалықты жөн болар екен.

1995 жылғы Ата Заңға сәйкес құрылған Конституциялық кеңес азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталуының кепілі бола алмады. Азаматтар заңдылық туралы түсініктеме алу үшін Конституциялық кеңес тікелей жүгіне алмады. Мемлекет басшысы халық тілегін ескеріп, Конституциялық сот құруды ұйғарды. Бұдан басқа, бас прокурор мен адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі берілмек. Бұл, әрине, әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам, азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын арттыра түсері сөзсіз. Барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және заң үстемдігін қамтамасыз етіп отыр деп айту қиын.

Осы ретте мәслихаттарға әкімдерді тағайындауға келісім беру құқығы ғана емес, өз құрамының басым көпшілік дауысымен әкімдерді қызметтен босатуға ұсыныс жасау және Президенттің мұндай ұсынысты құптауы құқығын да беру орынды болар еді. Реформада көзделіп отырған үшінші кешенді шара – сайлау жүйесін жетілдіру. Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын арттыру. Мемлекеттік басқарудың бірден-бір бас­тауы – халық, бұл теориялық та, практикалық та айнымас қағидат, атазаңдық ереже.

Мемлекеттік сатып алу жоспарларының тізілімі :: Қазақстан 52810085, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар ауданының білім бөлімі"

Өйткені соттардың тәуелсіздігі қағаз жүзінде ғана, талай шешім әлдебір «қажеттілік тапсырысқа» қарай шығарылып кете беретіні жұртшылық наразылығын тудырып отырғаны ақиқат. Осы ретте соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз етудің төте жолы – аудандық соттарды кеңес заманындағыдай халықтың тікелей сайлауы арқылы тағайындау. Жоғарғы сот кеңесі сайлауға түсетін судьялардың біліктілігін алдын ала қарап, ұсыныс бере алар еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту деп аталған жетінші бастамаға да тоқталып өтейік. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау туралы ұсынысын қолдаймыз.

Осы ретте БАҚ туралы заңда билікке, билік басындағыларға сын айтып жақпайтын баспасөз құралдарын, сөз бостандығын тұншықтыру, журналистерді қуғындау әрекеттеріне қатаң тыйым салу шаралары көзделгені жөн. Онсыз журналистика жалтақ күй кеше бермек, азусыз «төртінші билікке» айналмақ. Жолдауда Мемлекет басшысы қоғамдық ұйымдардың қызметіне де тоқталып өтті. Осы ретте қоғамдық кеңестер қызметінде ашықтық пен батылдық, сындарлық жетісе бермейтіні байқалады. Президенттің өзі бұған дейін олардың қызметіне қатысты сын айтқан болатын. Қазір Президент тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңестерді жаңадан жасақтау кезінде жергілікті жерлерде «сценарийде көзделмеген» даулардың шығып жатуы бекер емес.

Халыққа қызмет | Қобда аудандық соты город Астана. улица Кунаева, 39 Қызылжар ауылдық округі Астана 8. 14. Шамиров Тұрсын Серкешұлы қарауға тағайындалған азаматтық істер бойынша

[тікелей эфир теледидары] Астана Қызылжар тікелей қарау 21 тамыз 2022

More actions
bottom of page